jasqazaq.kz

Қарағандыда адам саудасымен айналысқан топ құрықталды (видео)

11 сәуiр 2018, 18:53

Қарағандыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Төрт адамнан жасақталған қылмыстық топты Қарағанды облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 сәуірде ұстаған. Алайда мән-жайы мен ұстау себептері тек қазір белгілі болды. Күдіктілерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. «Ақпанда Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікке тартып келген қылмыстық топ туралы мәлімет алады. 2 сәуірде осы қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Оның құрамында төрт адам бар. Топтың басшысы 27 жастағы ер адам. Қазіргі уақытта бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық топ мүшелерін ұстау сәтін видеоға түсірген. Видеода бетперде киген адамдарың күдіктілерді ұстап, тінту шараларын жүргізіп жатқаны түсірілген.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді