jasqazaq.kz

Қарағандыда Абай ескерткіші ашылды

13 қараша 2020, 15:35

Қарағандыда ұлы ақын, Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Биыл еліміз ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Халқымыздың біртуар перзентінің шығармашылығы арқылы біз гуманизмді, адалдық пен еңбекқорлықты бойымызға сіңіріп келеміз. Ал оның қара сөздері арқылы рухани құндылықтарымызды қалыптастырудамыз. Абайдың шығармашылық мұрасына арналып ұйымдастырылған жүздеген іс-шара ұлы тұлғаның дарынын жаңа қырынан танытып келеді,-деп жазды әкім. Оның сөзінше, облыс орталығының ең жайлы және көрікті көшелерінің біріне Абай есімі берілген.

«Бүгін Абай қаласында ұлтымыздың ұлы ұстазына арнап ескерткіш ашылды. Аталған шараға қоғам және мемлекет қайраткері Сауытбек Әбдірахманұлы, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім, айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Ерлан Ерназарұлы арнайы келді. Жобаның авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бейбіт Мұстафин»,-деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзінше, аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына орай аудандық мәдениет үйінің алаңы мен қасбетін қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ескерткіштің ашылу салтанатына орайластырылып жергілікті ақындардың «Абай жаққан бір сәуле…» атты шығармалар жинағы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемнің 18 тіліндегі дисктік жинағы шығарылды. Кітаптарды цифрлау Шахтинск қаласының орталық кітапханасымен бірлесіп жүргізілді. «Облысымыздың барлық тұрғындарын осынау мәдени нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын»,-дейді облыс әкімі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде