jasqazaq.kz

Қарағандыда 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды

31 мамыр 2021, 10:23

Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті үш жыл ішінде 2 млрд теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Теміртау қаласында жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы адал емес салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатымен қызмет еткен. Осы мақсатта ҰҚТ бақылауындағы 8 жалған фирма заңсыз қызметке тартылды. Қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 млн теңге көлемінде залал келді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынды. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру қоғамда екі маңызды мәселені – салықтардың түспеуін және сыбайлас жемқорлықтың өсуін тудырады. Адал емес кәсіпкерлердің бюджетке салық пен басқа да түсімдерді төлеуден жалтаруынан мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілер салуға қажетті қаражат түспейді. Сонымен бірге, заңсыз қолма-қолға айналдырылған ақша пара беру, параға сатып алу секілді бірқатар басқа құқық бұзушылықтарда пайдаланылып, сол арқылы елімізде сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралуына себеп болады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия