jasqazaq.kz

Қарағандыда 180 адамды алдаған риелторлар сотталды

21 желтоқсан 2017, 17:13

Қарағандыда 180-ге жуық адамды алдаған риелторларға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Іс Қарағандының Қызыбек би аудандық сотында қаралды. Алғашында сот алдында сегіз риелтор әйел мен олардың басшысы жауап берген. Сот барысы кезінде айыпталушылардың бір бөлігі зардап шеккендермен өзара келісті. Ақыры төрт әйел мен басшылары сотталды. «Сот Нөкербековті 190-баптың 2-тарауының 1, 2-тармақтары бойынша айыпты деп таныды. Сот үкімі бойынша оның мүлкі тәркілене отырып, төрт жылға бас бостандығынан және қызмет көрсету саласында үш жыл жұмыс істеу құқығынан айырылды», — дейді сот өкілдері. Өзге үш айыпталушының әрқайсысы 1 жылға, ал тағы біреуі бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Олардың да мүлкі тәркіленді. Айта кетейік, зардап шегушілердің барлығы жалға пәтер тауып беру үшін жылжымайтын мүлік агенттіктеріне хабарласқан. Агенттікте оларға келісімшарт жасасып, алдын ала 8 мың теңге төлем алған. Осыдан кейін келушілерге жалған нөмірлер беріліп отырған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық