jasqazaq.kz

Қарағандыда 17 жастағы қыз есірткімен ұсталды

21 тамыз 2018, 18:01

Қарағандыда 17 жастағы қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді. Полицейлер қызды есірткі ұстап тұрған жерінен ұстады.

Полицейлердің қызды ұстаған сәтінің видеосы Instagram желісіндегі skandal.krg парақшасында жарияланды. Видео кадрларынан полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмаған қыз бен оның заңды өкілдерін көруге болады.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, күдікті қызға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Биыл 20 тамызда жол-патрульдік полиция қызметкерлері көшеде белгісіз заттарды көміп жатқан 17 жастағы қызды байқаған. Кейіннен олар жедел тергеу тобы мен қыздың ата-анасын шақырған.

Қыздан жауап алу кезінде ол өзінің курьер екенін және кішкентай пакеттерді көміп жатқан кезінде ішінде не болғанын білмегенін айтқан. Бірақ кейінірек ол 17 осындай түйіншекті көміп тастағанын мойындаған. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді