jasqazaq.kz

Қарағандыда 13 тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды

28 шiлде 2021, 13:04

Қарағандыда 13 тұрғынды алдап кеткен алаяқ қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Өзін ІТ-технологиялар саласындағы маман ретінде таныстыра отырып, қаланың 13 тұрғынынан алдап ақша алған ер адам ұсталды.

29 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, бір ер адам алаяқтық жолмен 94 мың теңге ақшасын иемденіп алған. Әлеуметтік желідегі жарнамада өзін ІТ технологиялар саласының маманы, сондай-ақ бейне және аудио жабдықтарын сататын және жөндейтін компанияның маманы ретінде таныстырған азамат байланысқа шыққан. Жәбірленуші мультимедиялық жүйені сатып алып, орнатуды жоспарлаған. Алаяқ алдын ала 94 мың теңге төлеуді талап етіп, тапсырыс берушіден ақша алып алған. Ақшаны алғаннан кейін компания өкілі байланысын тоқтатып, хабарсыз кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

21 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, сотқа дейінгі тергеу барысында криминалдық полиция күдіктінің тағы 12 ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. Әр тұтынушыға алаяқ принтерді, екіншісінде ноутбукті жөндеймін деп уәде берген. Жалпы шығынның сомасы 300 мың теңгені құрайды. Айғақты заттар алынып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия