jasqazaq.kz

Қарағанды тұрғыны дәрігердің тісін сындырған

14 қараша 2018, 17:14

Қарағанды облысында ер адам әйелі мен баласының қайтыс болғаны туралы білген соң анестезиолог дәрігерге қол көтеріп, екі тісін сындырды. Аудандық соттың залында айыпты кешірім алған соң іс тоқтатылды.

Айыпталушыға аурухананың басшысы ешқандай шағым берген жоқ, деп хабарлайды Liter.kz.

«Мен әкімшілік іс қозғаудың бастамашысы емеспін. Жұбайын және баласынан айырылу – үлкен қайғылы оқиға. Бастапқыда ешқандай шағымым жоқ еді. Оның қандай жағдайда болғанын түсінемін», – деп түсіндірді Қарағанды ​​облысының Бұқар жырау аудандық орталық ауруханасының басшысы Сапар Қажықаримов.

Судья Жанна Нұрсалинова тараптардың татуласуы негізінде істі жапты.

«Әкімшілік іс жүргізу тараптардың келісуі негізінде тоқтатылады», – деп хабарлады Бұхаржирау ауданының судьясы Жанна Нұрсалинова.

Сонымен қатар, әйел мен нәресте өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу жалғасуда. Ол “медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін орындамауы” бабы бойынша тіркелген.

Еске сала кетейік, 3 қазан күні Бұқар жырау ауданының орталық ауруханасында әйел түнгі сағат 3-те қаза болды. Бала әйелдің өлімінен алты сағат бұрын шетінеді. Олардың қайтыс болуының алдын-ала себеб қан кету жүйесіне амниотикалық сұйықтық еніп кеткен.

Отбасында әкесімен бірге алты және сегіз жастағы қызы қалды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық