jasqazaq.kz

Қарағанды тұрғыны бұрынғы сүйіктісін 20 жерден пышақтаған

12 қазан 2020, 20:38

Қарағандылық полицейлер бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ салған ер адамды іздестіруде.

«10 қазан күні, сағат шамамен 22.59-да 28 жастағы әйел пышақ жарақатымен облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Аталмыш дерек тіркелді», — деп мәлім етті Қарағанды облысы Полиция департаментінен.

Алдын ала болжам бойынша, әйел 23 жастағы жігітпен екеуара жанжал кезінде жарақат алған.

«Науқас ауруханаға аяқтары және арқасына тиген көптеген пышақ жарақаттарымен түсті. Қазір жағдайы бір қалыпты», — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұл қылмысқа оның бұрынғы жігіті барды деген болжам бар. ЖБИ шағын ауданында ол зардап шеккен әйелге келіп, әңгімелесуге шақырып алған. Кейін бірнеше жерінен пышақ салған. Қазіргі таңда қала тұрғынын ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Әзірге күдіктінің орналасқан жері анықталмаған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде