jasqazaq.kz

Қарағанды тұрғыны 7 фирма ашып, мемлекетке 280 млн теңге шығын келтірген

08 желтоқсан 2021, 15:50

Қарағанды облысының тұрғыны 7 қолма-қол ақша фирмасын құрып, мемлекетке 280 миллион теңге шығын келтірген.

Қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырудың қылмыстық схемаларында салық төлемейтін бір күндік фирмалар пайда болады және олар нөлдік көрсеткіштермен есеп береді.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті бақылаудағы 7 компанияның атынан жалған шот-фактура шығару фактісі бойынша Н. Кожемякинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2018-2020 жылдар аралығында Н. Кожемякина басқа тұлғамен қылмыстық сөз байласып, мүліктік пайда алу мақсатында 7 кәсіпорынды – «Read Oilers» ЖШС, «Гамма Проект» ЖШС, «Стройфирма Астэр» ЖШС, «ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС, «ВИЗУВИЙ» ЖШС, «Восток 98» ЖШС, «Меридиан 2020»ЖШС сатып алып, басқа тұлғаларға тіркеді.

Осы кәсіпорындардың атынан көрінеу жалған мәліметтері бар бухгалтерлік құжаттар жазылды.

Контрагент-компаниялармен жасалған мәмілелер шеңберінде қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін Н.Кожемякина мәміленің жалпы сомасының 3% мөлшерінде сыйақы алған.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 280 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.

Н. Кожемякина сотталды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде