jasqazaq.kz

Қарағанды-Теміртау тасжолында екі адам қаза тапты (видео)

03 қыркүйек 2018, 17:00

Қарағанды-Теміртау тасжолында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты болған жерде ұзын-сонар кептеліс болған. 3 қыркүйекте 13:35-те жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шеккен. Тағы үш адам Теміртау қаласының орталық ауруханасында жатыр. «Зардап шеккен үш адам — ер азаматтар. Олардың бірі 18-20 аралығында. Оның миы жабық түрде зақымдалған және ішінен соққы алған. Екінші ер адам 1956 жылғы, оның қабырғасы зақымдалған. Үшіншісі 1984 жылғы ер адамның аяғы сынған. Қазіргі уақытта олардың барлығы қажетті ем қабылдап жатыр», — деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Айжан Иса. Сондай-ақ, Айжан Исаның айтуынша, қайтыс болған адамдардың кім екені анықталмаған. Оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желіде әсерлерімен бөлісіп жатыр. Олардың айтуынша, көліктер бетпе-бет соқтығысқан.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді