jasqazaq.kz

Қарағанды полицейлері ХҚКО-ға «бомба» орнатылды деген ер адамды ұстады

31 наурыз 2022, 16:18

Қарағандыда 102 телефонына Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды.

Іздеу барысында тәртіп сақшылары 29 жастағы адамды қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдікті – 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

«Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай айғақ – ұялы телефон тәркіленді. Тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандыда сағат 9.00-де 102 телефонына Мұқанов көшесіндегі авто ХҚКО ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабарлама келіп түсіп, ол жерге барлық жедел қызмет өкілдері жіберілді. АвтоХҚКО ғимаратынан 31 адам эвакуацияланды.

Оны тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі санкцияны көздейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық