jasqazaq.kz

Қарағанды өңірінде ірі апат болды (видео)

14 желтоқсан 2020, 13:03

Қазіргі таңда ГРЭС-2-дегі апаттан зардап шеккендердің біреуі үйіне жіберілді, екеуі әлі ауруханада жатыр.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Топарда ГРЭС-2-дегі төтенше жағдайдан кейін барлық жылу электр стансасын тексеруді тапсырды.   Бұл туралы өңір әкімдігінен хабарлады.    «Энергетикалық қадағалау департаментіне облыстағы барлық жылу электр стансасын қайта тексеруді тапсырамын», — деді Қасымбек онлайн өткен аппарат кеңесінде.

Абай ауданы әкімдігінің ақпаратынша, қазір зардап шеккендердің бірі үйіне жіберілді, екеуі ауруханада ем қабылдауды жалғастыруда.    Жеңіс Қасымбек Абай ауданының әкіміне ГРЭС басшылығымен бірге қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Топардағы апат
Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Абай ауданында «Каzakhmys Еnеrgу» ЖШС Топар ГРЭС-2-де №14 қазандықтың бу құбыры жарылды.      Төтенше жағдай салдарынан 1958 жылғы слесарь қаза болды. Тағы үш адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Бұл оқиға Абай қаласы мен Топар кентін жылу және электрмен қамтуға әсер еткен жоқ. Станцияда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың себептерін жұмыс комиссиясы анықтайды, ол 10 күн ішінде өз қорытындысын беруі керек.

https://www.youtube.com/watch?v=JLKHHuXvpeI&feature=youtu.be

sputnik.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия