jasqazaq.kz

Қарағанды облысының жолдарында 346 адам құтқарылды (видео)

28 ақпан 2020, 14:45

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында 29 апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құтқару іс-шараларына ТЖ департаментінің, Ұлттық ұланның Жергілікті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, 89 адам мен 46 техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары Осакаров, Нұра, Жаңаарқа, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарының, сондай-ақ Теміртау қаласы маңындағы жолдарда жүргізілді. 220 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды, 126 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала және 58 автокөлік автожолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды. Сонымен қатар, жолдарды жабу бекеттеріндегі көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларына жылыту бекеттерінде тамақтандыру ұйымдастырылып, азық-түлік таратылды. Автожолдарды жабу/ашу, дауылды ескерту, сабақты тоқтату туралы ақпарат «Дармен» мобильдік қосымшасында қолжетімді.

https://youtu.be/Wq2EIxDCSXw

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия