jasqazaq.kz

Қарағанды облысындағы Қызылқой өзені арнасынан асты

30 наурыз 2019, 21:19

Қарағанды облысының Шет ауданында су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылқой өзені арнасынан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, Қызылқой ауылын су басу қаупі бар. Қызыл су 9 тұрғын үйдің ауласына кірген. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен үйлердің аулаларынан суды сорғыту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қызылқой өзенінің арнасы бекітілді. Ол үшін құм салынған 1 500 қап пайдаланылып, олар 600 метр қашықтыққа биіктігі 40 см болатындай етіп орналастырылды. Мұзды қазір қолмен жарып жатыр. Облыс әкімі осы елде мекенде су тасқынына қарсы жүргізілген шараларды өзі келіп көрді. 30 наурыз күнгі сағат 17-00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі төмендеді. Сондай-ақ мамандар өзен бойын тағы бір мәрте аралап шығып, тұрғындарға су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша қайтара ақыл-кеңес беріп шықты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда