jasqazaq.kz

Қарағанды облысындағы балабақшада тәрбиешінің балаларды ұрғаны видеоға түсіп қалған

25 наурыз 2022, 10:53

Абай қаласындағы «Әдемі» балабақшасының қызметкері балаларды ұрды деп айыпталуда. Әлеуметтік желілерде мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің балаларды шапалақпен ұрып жатқан видеосы таралуда, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанжал тудырған жазбаны баласын таныған ата-аналардың бірі жариялаған. Видеоның мектепке дейінгі мекемеде орнатылған бақылау камераларының жазбаларын көру кезінде компьютер мониторынан түсірілгенін аңғаруға болады.

«Бүгін орнатылған камералардан видеоны көріп, болған оқиға төбемізден жай түсіргендей болды. Оқиға Қарағанды облысы Абай қаласындағы «Әдемі» балабақшасының бр тобында болған», – делінген жазбаның сипаттамасында.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жазбаны полиция өз бақылауына алғанын айтты.

«Жарияланған жазбадан кейін қазіргі уақытта зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде», — деп атап өтті полиция.

Абай аудандық білім бөлімі де жағдайға қатысты пікір білдірді. Басқарма «Әдемі» балабақшасының жекеменшік мекеме екенін жеткізді.

«Жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында 550 орындық болып ашылды. Ол біздің бақылауымызға кірмейді. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, тексеру нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданады», – деді Абай аудандық білім басқармасы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық