jasqazaq.kz

Қарағанды ​​облысындағы арнайы операция: қылмыстық топ ұсталды (Видео)

30 наурыз 2022, 12:03

Қарағанды ​​облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, — деп хабарлайды  Polisia.kz.

Аса тәжірибелі қызметкерлерден арнайы құрылған жедел тергеу тобы төрт ай бойы қылмыстық топ жұмысын бақылаған. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары. Олар 2021 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан.

Ұсталғандардың айтуынша, есірткіні сату Telegram әлеуметтік желісіндегі интернет-дүкен арқылы жүргізілген. Топтың қызметі жақсы ұйымдастырылған. Топтың 10 мүшесі арасында ұйымдастырушы, буып-түйюші, оператор, дилер, есірткіні тығып жасырушы рольдері мен функциялары нақты бөлінген.

«Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі заты тәркіленді, сонымен қатар жалға алынған пәтерлердің бірінде шамамен 3 келі синтетикалық зат («мефедрон» және «альфа-PVP»), есірткі заттарды орау үшін қолданылатын заттар (электрон таразы, zip қалташалар) тәркіленді», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 5-тармағы бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау» бойынша соталы тергеу басталған. Қылмыстық топтың мүшелері мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр