jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жанып кетті

16 қараша 2017, 23:08

Қарағанды мен Теміртаудың арасында жолаушылар тасымалдап жүрген автобус тас жолда дымы қалмай жанып кетті. Құдай сақтағанда қызыл жалынға оранған қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған, деп хабарлайды ktk.kz.

 

 

 

107-ші бағыттағы автобус жұмысын аяқтап автопаркке қайтып келе жатқан кезде өрт шыққан. Қас пен көздің арасында қызыл жалынға оранған көлік санаулы секундттарда күлге айналды. Ішіндегі кондукторы мен жүргізушісі қашып шығып үлгеріпті. Мамандардың болжамы бойынша от электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Естеріңізге салсақ, осыдан бір ай бұрын Жезқазғанда да қоғамдық көлік өртеніп, жүргізуші мен кондукторы оңбай күйген еді. Ағайынды жігіттердің бірі денесінің 95 пайызын от шарпып, соның салдарынан бір аптадан соң есін жимастан жан тапсырды. Екіншісі әлі емделіп жатыр. Өрт сөндірушілердің айтуынша, жыл басынан бері бұл өңірде 216 көлік өртеніп кеткен.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті