jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза болды

01 ақпан 2021, 12:55

Қарағанды облысының трассасында екі көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза болды.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 31 қаңтар күні сағат 23.50 шамасында «Қарағанды-Абай» тасжолында BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша, рульге ие бола алмай қалған. Солай, жолдың қарсы бағытына шығып, 26 жастағы азаматтың басқаруындағы Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Екінші машинаның ішінде 4 жолаушы болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW автокөлігінің жүргізіушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің 3 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Chevrolet-тің жүргізушісі мен тағы 1 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысының Полиция департаменті қарапайым жол жүру ережелерін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде