jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жол апатынан 2 жүргізуші мерт болып, 6 бала жапа шекті 

30 маусым 2022, 10:00

Қарағанды облысының Нұра кентінің маңында жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші де мерт болды, жеті бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол апаты 28 маусым күні сағат 21.45-те болған. Нұра ауылынан 4 шақырым жерде «Жараспай-Нұра» автожолында екі автокөлік соқтығысқан. Полиция департаментінде хабарлағандай, «Хонда Одиссей» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі алдын рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Фольксваген Гольф» автокөлігімен соқтығысқан. «Оқиға орнында «Хонда Одиссей» автокөлігінің жүргізушісі көз жұмды. «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жол апатынан «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ 19 жастағы әйелдің інісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр