jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жол апатына ұшырап, суға батқан көліктегі екі адам көз жұмды (Видео)

10 шiлде 2022, 14:46

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында жеңіл автокөлік жол шетіне ұшып кетіп, арыққа батып кетті. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 9 шілде күні сағат 18.15 шамасында «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 34-ші шақырымында болған. Белгілі болғандай, «Ауди 80» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік жол шетіне шығып кетіп, суға батқан.

«Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, өтіп бара жатқан жүргізушілер жолаушыларды құтқаруға тырысқан. Арқанның көмегімен бірнеше адам көлікті судан шығаруға әрекет еткен. Алайда екі жолаушыны құтқару мүмкін болмады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық