jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жауған бұршақ үйлердің шатырын тесіп өтті

29 шiлде 2020, 10:27

Абай ауданының Самарка ауылында бүгін ірі бұшақ жауды. Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашынның зияны олардың бау-бақшаларындағы көкөністерге тиген. Ал бір үйдің тіпті шатырын тесіп өткен.

Instagramжелісінде Қарағанды облысы Абай ауданы Самарка ауылының тұрғындары бөдене жұмыртқасындай ірі бұршақ жауғанын көрсететін суреттер орналастырған. Кейбір желі қолданушылар жауын-шашынның осындай рі болғанына сенбей, таңқалып отыр. Алайда тұрғындар бұршақ олардың бақшаларындағы жемістер мен көкөністерін зақым келтірді деп шағымданады, ал бір үйде жауған бұршақ тіпті шатырып тесіп өткен. Қарағанды облысында жаңбыр мен бұршақ түрінде жауын-шашын болатыны туралы бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын.

«Қарағанды облысы бойынша 29 шілде күні кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін (көбінесе облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында). Жел солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 9-14 мтер, солтүстікте, шығыста және орталықта 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 метр болады. Ауа температурасы түнде +8-13, оңтүстікте 16 градус жылы, күндіз +18-23, оңтүстікте +26-31 жылы болады», — деп мәлімделген хабарламада. Әзірге жауын-шашын салдарынан туындаған шығындар белгісіз.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі