jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жаппай мал қырылған ауыл карантинге жабылды (Видео)

14 маусым 2022, 10:36

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақшоқы ауылында мал қырылу дерегі тіркелді. Облыстық ветеринария қызметі аурудың себебін анықтап жатыр. Әзірге ауылды қоршай карантин бекеті орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Малдың жаппай қырылуын Ақшоқы ауылының тұрғындары соңғы он күнде байқаған. Ветеринарлар мұны белгісіз сипаттағы инфекциялық ауру деп отыр. Бас-аяғы 240 бас мал дерт жұқтырған. Оның ішінде ресми деректерге сүйенсек, 76 ірі қара арам өлген. Оның ішінде басым бөлігі — бұзаулар. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жануарлардың кенеттен тәбеті жоғалып, жатып қалады.

«Өлекселер инсинератор арқылы өртелді. Жою жұмыстары ауылдық округке тиесілі ескі мал қорымының аумағында, мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жүргізілді. Ветеринарлар мал иелерімен бірлесіп, ауырған жануарларға симптоматикалық емдеу шараларын жүргізіп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облыстық ветеринария басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы Ақшоқы ауылдық округінде 2,5 мыңнан астам ірі қара мал бар. Мамандар дерттің тарап кетуіне жол бермес үшін ауылдың кіреберісіне бекет орнатты. Аурудың диагнозың анықтау мақсатында сынама алынып, республикалық ветеринария зертханасының Қарағанды облыстық филиалына жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде