jasqazaq.kz

Қарағанды облысында сотталушы түрмеден видеоүндеу жолдады

23 қараша 2021, 13:33

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​облысы Қарабас ауылындағы АК-159/18 колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушының видеоүндеуі тарады. Сотталушы видеода өліміне күзет мекемесінің әкімшілігі кінәлі екенін айтады.

Видео Instagram желісінде тарап, резонанс тудырды. Видео кейіпкері жеке деректерін айтып, кейін өліміне мекеме әкімшілігі кінәлі екенін мәлімдейді. Бұл ретте ер адам камераға денесіндегі түрлі жарақатын көрсетеді.

«11-15 қарашада АК-159/18 мекемесінде құқық бұзу дерегінің алдын алу және тыйым салынған заттарды тәркілеу мақсатында тінту жүргізілді. Осы іс-шара барысында 40-тан аса мобильді құрылғылар мен 0,5 келіге жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын анықтау үшін ішкі тергеулер тағайындалды. Тінту жұмыстарынан кейін бірқатар сотталушы өзін жаралап, осылайша, тыйым салынған заттарды тәркілеуге келіспейтінін білдірді. Бұл видео да осы жұмыстардан кейін жарияланды. Осылайша, сотталғандар мекеме әкімшілігіне айла-шарғы жасап, тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға тырысады», — деді Қарағанды ​​облысы ІІД ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, департамент тінту прокуратура, қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өңірі басшылығы бақылауында өткенін қосты. Процесс бейнебақылау камераларына, сондай-ақ колония мен Ұлттық ұлан офицерлерінің бейнетіркегіштеріне түсірілген. Тексеру кезінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардан шағым түскен жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

«Сотталғандар түзеу мекемесі тәртібіне келіспеу белгісі ретінде түзеу мекемесінің ережелеріне бағынғысы келмейді және өздеріне зиян келтіреді. Осылайша, олар жұрттың назарын аударып, жазаны жеңілдетуге немесе ерекше жағдайға қолжеткізуге тырысады», — деді ведомство өкілдері.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде