jasqazaq.kz

Қарағанды облысында санитарлық бекеттер орнатылады

17 қазан 2020, 12:19

Қарағанды ​​облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. 19 қазаннан бастап облыстың периметрі бойынша сегіз санитарлық бекет қойылады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы «Сарыарқа» телеарнасындағы брифингте облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Юрий Залыгин мәлімдеді.

Көршілес мемлекетте індет өршіп жатқанына байланысты алдын алу шарасы ретінде 19 қазанда сағат 00: 00-ден бастап облыста санитарлық бекеттер құру туралы шешім қабылданды. Сегіз санитарлық бекет орнатылады: Жезқазған, Ұлытау, Нұра, Осакаровка, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандары мен Приозерскіде.
Көлік жүргізушілері мен жолаушылардың денсаулық жағдайын дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексереді. Дене қызуы тексеріледі, сұрақ-жауап алынады.

Тұрғын үй ғимаратына кіреберістерде, лифтілерде және автотұрақтарда күніне кемінде екі рет профилактикалық дезинфекция мен дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.

Ойын алаңдары мен аулалар күн сайын дезинфекцияланатын болады.

65-тен асқан адамдардың ауыл мен қала арасында емін-еркін жүруіне тыйым салынады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде