jasqazaq.kz

Қарағанды облысында полиция әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздарды іздестіруде

08 ақпан 2022, 12:12

Қарағанды гарнизонының сарбаздары әскери бөлімді рұқсатсыз тастап кеткен. Олардың қайда екені әзірге белгісіз. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында борышын өтеп жүрген екі сарбаз әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен. Өздерімен бірге қару болған жоқ», — деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір әскери полиция органы мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өз беттерінше кетіп қалған сарбаздарды іздестіруде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Тергеу нәтижесінде кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады», — деп қосты министрліктегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде