jasqazaq.kz

Қарағанды облысында мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынды

14 қыркүйек 2022, 14:46

Қарағанды облысында ауыл мектептерінің бірінің директоры мас досына көлігін жүргізу құқығын бергені үшін 15 күнге қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұра аудандық соты хабарлағандай, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада мұғалімнің осы жылдың шілде айында көлігін мас досына сеніп тапсырғаны көрсетілген. Екеуі ортақ танысының үйінде бірге ішімдік ішіп, сосын қыдыруға шыққан. Сол кезде мектеп директорының көлігін полиция тоқтатқан.

Тәртіп сақшысы көлікті мас күйінде болған көлік иесінің досы басқарғанын анықтайды.

«Нұра аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралын мас күйдегі адамға беру) көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін мектеп директорын кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды», — делінген сот шешімінде.

Мұғалім көлікті басқаруды досына бермегенін алға тартып, сот шешіміне шағым түсірмек болған. Ол сол уақытта ол ұйықтап қалғанын және рөлге досының отырғанын білмегенін айтқан. Құқық бұзушының, полицей мен прокурордың уәждерін зерделеген сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр