jasqazaq.kz

Қарағанды ​​облысында қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды

23 қараша 2022, 11:29

Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құрмақ болғандардың жолы кесілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылы Г.С. Нарымбетова жарнамалық қызметтер бойынша жеке кәсіпкер қызметі үшін бұрын жалға алынған кеңсе үй-жайын пайдалана отырып, қандай да бір кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмай, әртүрлі сылтаулармен тауарлардың бар екенін және Мемлекеттік сатып алуға қатысатыны туралы жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.

«С.Нарымбетова 2020 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде қаржы схемасын құрды, онда тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10 пайыздан 40 пайыз -ға дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан.

Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 миллион теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен, желілік маркетингпен және азаматтардың ақшалай қаражатын тартумен байланысты кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айырумен, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен кінәлі деп танылды.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта