jasqazaq.kz

Қарағанды облысында қар жауды (Видео)

25 сәуiр 2022, 12:58

Қарағанды облысы Шет ауданының 7 елді мекенінде 4-тен 6 мм-ге дейін қар жауды.

Синоптиктердің айтуынша, бұл ауа-райы құбылысы осыған дейін болжанған. Қарағанды облысының көптеген өңірлерінде температураның төмендеуі, Ақтоғай ауданының оңтүстігінде жауын-шашын болатыны болжанды. Антициклондардың ықпалымен жауын жауып, арты қарға ұласты.

«Бұл антициклон бізге солтүстік-батыстан келді. Жауын-шашын оңтүстіктен циклон түрінде келді. Жылы және суық ауаның араласуы кезінде контраст пайда болып, қар жауды», — деп түсіндірді «Қазгидромет» метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы Анастасия Грязнова.

Синоптиктердің айтуынша, 28 сәуірге дейін облыстың солтүстігінде түнде ауа температурасы төмен болады.

«Қазіргі уақытта ауданның оңтүстік-шығысында қар жауып жатыр. Дәл осы уақытта Ақадыр, Ақшатау, Ақжал, Мойынты, Киікті, Босаға, Ортау кенттерінде ақ ұлпа жауып тұр. Аудан бойынша жағдай тұрақты», — деді Шет ауданы әкімі аппаратының бас маманы Олжас Төлеубаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр