jasqazaq.kz

Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады

09 наурыз 2022, 21:02

Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады. Қауіпті кесел Қарқаралы ауданынындағы Мамыраев ауылынан шыққан. Індеттен өткен айда төрт ірі қара арам қатқан.  Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Аудандағы шаруа қожалықтардың бірінде сиырлардың қырылуы ақпанда тіркелген. Олардан алынған сынамалардың қорытындысы енді шығыпты. Құтырма дерті расталған соң, Мамыраев атындағы ауылдан ет, сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Ауру ошағы саналған шаруа қожалығындағы адамдардың да денсаулығы бақылауға алынды. Өйткені бұл кесел адамға да жұғуы ықтимал екен. Мамандар аталған ауру қасқыр тартқан сиырдан тарады деп отыр. Қазір ауылда шектеу шаралары қолға алынды.

Данияр Мерғазин, ҚР АШМ ветеринария бақылау комитеті, Қарағанды облысы инспекциясының басшысы:

— Ауыл округі әкімінің шектеу жариялау шешіміне сәйкес, республикалық қордан тиісті ветеринарлық препараттар бөлінеді. Осы ветеринарлық препараттармен лажсыз және қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар шаруа қожалығындағы барлық мал түліктеріне вакциналау жүргізіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде