jasqazaq.kz

Қарағанды облысында ер адам бүтін бір отбасын пышақтап өлтірген

14 тамыз 2021, 18:02

Қарағанды облысының Ағадыр кентінде ерлі-зайыпты мен олардың қызын пышақтап кеткен. Полиция күдіктіні ұстады.

Stan.kz хабарлауынша, Ағадыр кентіндегі жеке үйлердің бірінен үш мәйіт табылды. 58, 59 және 21 жастағы марқұмдар пышақ жарақатының салдарынан қаза болған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ведомство күдіктіні ізін суытпай ұстағанын хабарлады. Ол 33 жастағы ер адам болып шықты. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиға орнына Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров пен облыстық прокуратура қызметкерлері барды. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні – 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол жанжал кезінде марқұмдарға пышақ жарақатын салғанын мойындады», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Үш адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия