jasqazaq.kz

Қарағанды облысында екі баланы ит тістеп, біреуі көз жұмды

02 сәуiр 2022, 13:06

Қарағанды ​​облысында екі баланы ит тістеп, зардап шеккендердің бірі қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 1 сәуірде болған. Қарағанды ​​облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады. Бқлжағдай туралы хабар Ақтоғай аудандық полиция бөліміне сағат 19.00-де түскен. Зардап шеккен балалар бірден медициналық мекемеге жеткізілген.

«Полицейлер жеке үйдің ауласында ойнап жүрген 3 және 5 жастағы екі ұл балаға байланбаған ит шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізілді, онда 3 жасар бала алған дене жарақатынан қаза болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде