jasqazaq.kz

Қарағанды облысында әйел адамның өртенген мәйіті табылды

14 қараша 2019, 14:56


Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде «ізін суытпай» екі аса ауыр қылмысты ашты. 
13 қараша күні Жаңа Дубовка кентінен 2 шақырым жерде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның өртенген мәйіті табылды. Алдын-ала тергеу барысында жәбірленушінің тұлғасы анықталып, оның 42 жастағы Абай ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің қырағы іс-қимылының арқасында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіргенін және қылмыстың ізін жасыру мақсатында өзінің 21 жастағы танысымен бірге мәйітті өртегенін мойындады. Қазіргі уақытта басты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сыбайласына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылуда. Сондай-ақ, осы күні Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үкеншіге қарақшылық шабуыл жасаған 52 жастағы Нұра кентінің тұрғынын ұстады. Ол 57 жастағы дүкеншіні тонау үшін пышақ кезеген. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 1-тармағына (қарақшылық шабуыл) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда