jasqazaq.kz

Қарағанды ​​облысында 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр (Видео)

19 мамыр 2022, 10:15

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жақында ғана 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жергілікті тұрғындар облыстық тасжолдың жөнделуін 30 жылға жуық күткен. Бір жарым жыл бұрын 30 шақырым учаскеде орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ бүгінде бұл жолда әр 50 метр сайын терең шұңқырлар пайда болған.

«Сұмдық. Айтарға сөзіміз жоқ. Тасжолдың сапасы өте нашар. Көліктер әдеттегідей бұзылады», — деді Қасым Аманжолов ауылының тұрғыны Жаңабек Арапов.

«Сапа — нөл! Ешқандай технология жоқ. Ауыр жүк көліктері тасжол төсеген кезде осындай жолдармен жүрді. Үстінен жай ғана автогрейдермен жүріп өтті. Олар асфальт төсеген кезде шаң болды», — деді ауыл тұрғыны Асылан Жақанов.

Аудандық билік мердігерді сотқа берген.

«Жұмыстар қабылданып, жол пайдалануға берілді. Бірақ жұмыс кезінде ақаулар пайда болды, яғни шұңқырлар пайда болды. Сот шешімі бойынша бұл ұйым биыл 1 маусымда ақауларды жою жұмыстарына кірісуге міндеттелді», — деп мәлімдеді Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дидар Қабаев.

Мердігер жолды қайта өз есебінен жөндеуге мәжбүр болады. Еске салайық, облыстық тасжолды қалпына келтіруге бюджеттен 800 миллионнан аса қаражат бөлінген болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр