jasqazaq.kz

Қарағанды облысында 52 адам коронавирус жұқтырған

12 маусым 2020, 10:46

11 маусымдағы мәлімет бойынша Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгісімен 52 адам тіркелді. Өсім – 4 пайыз. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 52 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды. Атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 36 адам, Теміртау қаласында – 1, Саран қаласында – 6, Қ.Сәтбаев қаласында – 4, Шахтинск қаласында – 4, Абай ауданында – 1 адам анықталды», делінген хабарламада. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді. 11 маусымдағы ахуал бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1 342 адам тіркелген, оның ішінде 619 пациент жазылып шықты.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде