jasqazaq.kz

Қарағанды облысында 3 тонна мұнай қалдығы жолға төгіліп қалды (видео)

02 желтоқсан 2020, 10:38

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мұнай қалдығы жолға төгілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Атасу ауылы мен Жұмажанов атындағы ауылдық округтің аралығындағы учаскеде 10 тонна мұнай қалдығын алып бара жатқан жүк көлігінің артқы жағындағы борты ашылып кетіп, үш тонна қалдық жолға төгіліп қалды.

Аудандық әкімдіктегілердің мәліметінше, көлік қалдықты Қарағандыдағы «ҚазТрансОйл» мұнай құбырын басқару компаниясынан кәдеге жарату үшін Атасу буландыру цехына алып жара жатқан. Шенеуніктердің айтуынша, мұнай қалдығы төгілген 10 шаршы метр жер тазартылған. Қанша шығын келтірілгенін анықтау үшін барлық материал экологтарға жіберілген.

«Қазір біз барлық мұнай қалдығын тазаладық. Қажет құжаттар жиналды және тиіс органдарға жіберілді», — деді Жұмажанов атындағы ауылдық округ әкімі Думан Бүкірбаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық