jasqazaq.kz

Қарағанды облысынан «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының финалына алты команда өтті

02 мамыр 2019, 13:17

Еліміздің ең ауқымды спорттық сайыстарының облыстық кезеңіне Қарағанды облысының 600-ге жуық ұлдары мен қыздары қатысты. Өз құрама командаларын өңірдің 18 қаласы мен аудандары таныстырды. Қонақтарды Қарағанды қаласының № 23 орта мектебі қарсы алды.

Спартакиада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның барлық компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

«SportFEST Kazakhstan» жарысы екінші рет өткізіліп, дәстүрге айналмақ. Биыл спартакиада жастар жылына орайластырылып отыр.

Бірегей жобаның негізгі мақсаты-бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Спартакиадаға 2003-2005 жылы туған балалар қатысады. Облыстық турнирдің бағдарламасына спорттың алты түрі бойынша жарыстар кіреді: жасөспірімдер арасында футбол, қыздар арасында баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақ.

— Мен әскери-қолданбалы спорт түрлеріне қатысамын. Биылғы жылы мен екінші рет жарыстым, өткен жылы біздің командамызға жүлделі орын алу мүмкін болмады. Өте қиын болды. Екінші кезеңде өз күшін сынап көргім келеді, өйткені чемпиондар республикалық сайыстарда облыс намысын қорғайтын болады, дейді «SportFEST Kazakhstan» жарыстарының қатысушысы Нұрсұлу Қалкенова.

Оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыстың іріктеу туры еліміздің он төрт өңірінде өтті.

Жарыстың нәтижесі бойынша әр облыста үздік қатысушылар анықталды. Жеңімпаздар марапатталды-бірінші орын: спорттық роликтер, екінші орын: брендтелген рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын: скейтборт, сондай-ақ олар 2019 жылдың жазында Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтардағы чемпиондардың аттарымен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz

Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» республиканың үздік спортшыларын іздестіруді жалғастыруда. Алда еліміздің тағы төрт өңірі бар. Алдымен аймақтық жарыстар өтеді. Олар Барлық облыстар мен қалалардың аумағында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар арасында өткізіледі.

II кезеңге облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.

Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі. Қарағанды облысында мүкәммал Қарағанды қаласының № 5 және № 27 мектептеріне сыйға берілді.

Біздің соңғы жаңалықтарымызды ресми сайтымыздан біле аласыздар: www.sportfest.kz. Сұрақтар туындаған жағдайда жедел желі нөмірене хабарласуға болады: +7 747 248 23 59.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде