jasqazaq.kz

Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр (видео)

13 сәуiр 2021, 13:35

Қарағанды маңындағы Узенка ауылында балық қырылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайға экологтардың назарын аудартты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Видео авторларының айтуынша, оқиға «Ясная сказка» демалыс үйінің жанындағы су қоймасында болған. Жергілікті балықшылар судағы балық оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін дейді. Олардың айтуынша, қыста демалыс аймағының иесі су бетіндегі мұзды оюға рұқсат бермеген.

Алайда балық инспекциясы балықшылар тұжырымымен келіспейді. Нұра-Сарысу облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжановтың айтуынша, су айдынында жалға алушы қысқы кезеңде тұманға қарсы шаралар жүргізген. Қазір балықтың қырылу дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Тексеру нәтижелері бойынша балықтың не себепті өлгені анықталады. Зиян заттар табылуы мүмкін. Мүмкін басқа нәрсе. Қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін қорытынды жасауға болады», — деді Абай Әлжанов.

Қарағанды облысы Экология департаментінің қызметкерлері де оқиға болған жерге барды. Олар зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алды. Нәтиже 20 күнде дайын болады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от LIFE 09 (@life09kz)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде