jasqazaq.kz

Қарағанды дәріханаларына медициналық масканың алғашқы партиясы келіп түсті

12 наурыз 2020, 20:04

Қарағанды облысында емханалар жанында орналасқан барлық әлеуметтік дәріханаларға медициналық маскалардың алғашқы партиясы жеткізілді.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бүгін, 12 наурызда Қарағанды облысының әлеуметтік дәріханаларына медициналық маскалардың алғашқы партиясы әкелінді. «МФ Мерей» ЖШС өткен аптада Қарағанды облысын қамтамасыз ету үшін үш қабатты медициналық маскалар өндірісін іске қосты», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар ведомствода маска облыстың әлеуметтік дәріханаларында 40 теңгеден сатылып жатқанын жеткізді.

Облыс билігі коронавирус инфекциясының пайда болуына жол бермес үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ» дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия