jasqazaq.kz

Қарағанды дәрігерлерінің бір маскасы 68 мың теңгеден сатып алынған. Құзырлы орган түсінік берді

24 қараша 2020, 13:50

Қарағанды ​​облысында дәрігерлерге максималды қорғаныс үшін бетті толықтай жабатын арнайы қымбат маскалар сатып алынған, деп хабарлайды zakon.kz.

Интернетте осыған қатысты мемлекеттік сатып алулардың ақпараты пайда болды. Желіні қолданушыларды сатып алынған маскалардың құны қатты таң қалдырды.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа байланысты түсініктеме берді.

Сатып алу мемлекеттік сатып алудың арнайы тапсырысымен «Бір жерден алу» әдісі бойынша «ГолденСтаг» ЖШС-мен «Арнайы медициналық жабдықтаудың аймақтық базасы» КММ арасында жүзеге асырылды, мемлекеттік сатып алу бойынша 01.04.2020 жылғы No38 келісім-шартқа сәйкес, 200 дана масканың жалпы құны (біреуі — 68 000 теңге) 13 600 000 теңгені құрайды, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Олар сатып алудың елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне және ауыстырылатын көміртекті сүзгілермен 3M аэрозольдерінен қорғауға арналған медициналық толық фильтрлі маскалармен қамтамасыз етудің өзектілігіне байланысты жасалғанын түсіндірді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына, осы санаттағы пациенттерді басқару және емдеу ережелеріне арналған халықаралық және отандық ұсыныстарға сүйене отырып, коронавирустық инфекция аэрозольды-тамшылы және байланыс-тұрмыстық жолмен таралу механизмдері бар, өте жұқпалы жедел инфекциялық ауру екенін ескере отырып, жан сақтау бөлімінде жеке қорғаныс құралдарды қолдану қажет. Бетті толықтай жабатын маска инвазивті процедуралар кезінде (интубация, бронхоскопия, санитарлық тазарту және трахеобронхиалды ағаш пен саңылауларды жуу, үлкен тамырларды катетерлеу) науқастан аэрозоль секрециясының енуінен көздің, ауыздың, мұрынның максималды қорғанысын қамтамасыз етеді. Қорғаныс маскасы медицина қызметкерін физикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар бактериядан қорғауды қамтамасыз етуі керек», — деп атап өтті ведомствадағылар.
Олар мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес, әлеуетті тауар жеткізушілерден бетті толық жабатын медициналық маскалардың бағасы алдын ала анықталғанын да қоса кетті. Тауар жеткізушілер келесідей бағаны жіберді:

«ПТЭК» ЖШС — 69 300 теңге, ЖК Хон И.В. — 69 500 теңге, «GoldenStag» ЖШС — 68 000 теңге. Ең төменгі бағаны «GoldenStag» ЖШС ұсынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде