jasqazaq.kz

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті ұсталды

12 қазан 2021, 11:57

Қарағандыда болған қайғылы оқиғаға байланысты күдікті ұсталды.

10 қазан күні «Созвездие» қонақүйінің аумағында адам өлімі болған еді. Тоғыз қабатты мейманхананың шатырына орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Медициналық көмекке қарамастан, қаза болды. Полиция бұл іс бойынша тергеуді алдымен ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі («қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету») бойынша қозғаған болатын. Алайда, кейін қылмыстық істі ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне («абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер») ауыстырды. Айыпталушы 4-8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ҚазАқпарат хабарлауынша, бүгін полиция қызметкерлері аттракционның нұсқаушысын қамауға алған.

«Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», — деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия