jasqazaq.kz

«Қара жорғаға» билеген жорғаның видеосы жұртты тәнті етті

23 наурыз 2018, 17:06

Көкшетауда Наурыз мерекесіне жиналған жұрт жылқының тамаша өнеріне тәнті болды.

Көкшетаудың орталық алаңында «Қара жорға» биіне билеген жорғаның видеосы желіні шарлап кетті. Ұйымдастырушылар республикалық ат спорты додаларының жеңімпазы Рамазан Махатовты Қызғалдақ аталған жорғасымен Солтүстік Қазақстан облысынан шақырған. «Біз көрші облыстармен тығыз байланыс жасаймыз. Жазда СҚО-да болған спартакиада кезінде осы биші атты көрген едік. Шараға дайындалу барысында сол есімізге түсіп, Рамазанға хабарластық. Сөйтсек ол Тараздағы турнирге дайындық үстінде екен. Дегенмен біздің өтінішімізді де жерде қалдырмады. Жорғаның «Қара жорғаға» билеуі неткен жарасымды еді», — дейді Көкшетау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова. Оның сөзіне қарағанда, ат алғашында алаңдағы мұзға тайғанақтағанымен, ән шырқалған сәтті билей жөнелген.

https://youtu.be/ioEkNk_PGig

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде