jasqazaq.kz

«Қара Қыпшақ Қобыланды» қойылымының тұсауы кесілді

15 сәуiр 2019, 12:03

     Қасиетті қара шаңырақ —  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма тетрында араға 52 жыл салып, «Қара Қыпшақ Қобыланды» дастан — драмасы қайта сахналанды.  Спектакльді белгілі  режиссер, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай  қойды. 

Еске салсақ,  қойылым алғаш рет 1946-шы жылы Қапан Бадыровтың, ал 1967 жылы Әзірбайжан Мәмбетовтің режиссерлігімен қойылған.  «Қобыланды батыр» бейнесін Шәкен Аймановтың өзі сомдапты. Ал, спектакльдің негізгі идеясы  достық пен зұлымдық, ел мен  жерді қорғау,  еркіндікті  аңсаған батырдың болмысын дәріптейді.

Бұл жолғы премьерада қойылымның актерлық құрамы жастар мен тәжірибелі сахна саңлақтарымен бірігіпті. Қойылымды көре отырып,  жас актерлардың шыңдалып, тәжірибе жинақтап келе жатқандығының куәсі болдық. Сахнаны декорациямен көркемдеген суретші Мұрат Сапаровтың да қолтаңбасы шығарманың көрерменмен байланысына ерекше әсер етті. Қойылым алдында журналистермен кездескен театр басшылығы әкемтеатрдың алдағы жоспарларымен де бөліскен болатын.  Ал спектакльдың  режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ: « Бұл спектакльге  актерлық құраммен күні -түні дайындық жүргіздік. Театр басшылығынан  бастап әрбір жұмысшысына дейін  қойылымға атсалысты. Ендігі арманымыз — жастарымыз әрі қарай өссе екен, бізден алған тәжірибесін дамытып, өзгелерге көрсетсе деген ниет бар. Ал шығарманы қоюдағы басты мақсатым —  жастар өз батырларын білсе екен. Көңілдеріне тоқыса екен деген оймен  жасалды», — дейді.

Шығармада Қобыланды рөлін жас актер – Ғалымбек Оспанов, Құртқа рөлін – Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекова, Қараманды- Мағжан Асаубай  сомдады. Сондай –ақ  қойылымда сахна майталмандары Айдос Бектемір, Болат Әбділманов, Дулыға Ақмолда, Назгүл Қарабалина, Баян Қажынабиева  сынды тағы да басқа актерлар өнер көрсетті.

Қойылымнан ерекше әсер алған көрермен театр актерларына ризашылығын білдіріп қошеметке бөледі.

 

Мақпал Ноғайбаева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда