jasqazaq.kz

Қара қар жауды

02 ақпан 2020, 17:19

Теміртаудың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы экологиялық жүктемелерді төмендету бойынша шаралардың орындалып жатқаны тексеріледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртау тұрғындарының хабарламасына жауап беру кезінде мәлім етті. 

«Теміртау тұрғындары «қара қар» туралы тағы да хабарлады. Экология департаменті қаладағы табиғатты пайдалану деректері мен қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға жүктемені төмендету шараларының орындалып жатқанын тексереді. Оның нәтижесі жұртшылыққа хабарланады», — деп жазды министр Twitter-де.

Теміртау тұрғындары қардың суреті мен видеосын әлеуметтік желілерде жариялады.

Теміртауда қара қар алғаш рет жауып тұрған жоқ. Мұндай жағдай қалада 2018 жылдың қаңтарында қайталанған еді. Экологтар, метеорологтар, прокурорлар мен кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылып, «АрселорМиталл Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында тексеру жүргізілді. Ол кезде аталған компания қара қар туралы айтып, проблеманы мойындаған еді. Компанияның пікірінше, екінші жағынан қаладағы экологияға пештің жағылуы және автомобильдердің көбеюі ықпал еткен.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия