jasqazaq.kz

Қар үстіне ыстық асфальт төселіп жатыр

06 желтоқсан 2019, 11:13

Қар үстіндегі асфальт! Атбасар қаласында қар үстіне ыстық асфальт төселуі коммуналдық қызмет жұмысшыларының наразылығын туғызған. Аппақ қарды қап-қара асфальтпен жапқандарды ұялы телефонына түсіріп те алыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Коммуналдық қызмет жұмысшыларына жолдарды қардан аршу тапсырылған. Ауыр техника сол жолдарға ыстық асфалть әкеліп төге бастағанда, олар түсінбей қалыпты. Жыл сайын көктемде топан судан зардап шегіп келген Атбасардағы жолдардың ойдым-ойдымы шығып, күрделі жөндеу күтіп тұр. Бірақ қыраулы қыста ыстық асфальтты қар үстіне төсейді деп ешқайсысы күтпесе керек. Бейнежазба ғаламторға жарияланып, оны көрген желі қолданушылары да наразылық білдіруде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда