jasqazaq.kz

Қар үстіне қара жол салғандар (видео)

21 қараша 2017, 16:37

Әлеуметтік желіде Семейде қар үстіне асфальт төсегендердің әрекетіне наразылық білдірді. Өз кезегінде коммуналдық қызметтің өкілдері мұндай жұмыстың жаңа технологияларды пайдалану арқылы істеле беретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалада үшінші күн қатарынан қар жатыр. Алайда жол жөндеушілерге бұл кедергі емес. Әлеуметтік желіде Семейдің Красный кордон ауданының тұрғыны түсірген видео пайда болды. Видеода жол жөндеу ұйымының жұмысшылары қар үстіне асфальт төсеп жатқаны түсірілген. Видео авторының айтуынша, жөндеу жұмыстары «Боровая көшесінде жүргізіліп жатыр. «Жаз бойы қиналдық, жол жоқ еді. Ал енді міне қардың үстіне асфальт төсеп жатыр», — деп жазды видео авторы.

Жергілікті әкімдіктің жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің өкілдері осы жағдайға байланысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жаңа технологиялармен істеуге болады. «Ауа райы нөлден жоғары кезде асфальт төсей беруге болады. Технология бойынша олар қарды тазалап, сосын барып асфальт төсеуі керек еді. Бірақ бұл жөндеу емес, апатты аймақтарға асфальт себу жұмыстары. Мұнда фрезамен өңделкен асфальт төселеді. Негізінде біз жөндеу жұмыстарын аяқтап қойғанбыз. Бұл жұмыстар бюджеттен бөлек істеліп жатыр. Менің білуімше, жергілікті депутат осыған бастамашы болған. Ол жергілікті тұрғындарға көмектескісі келіп, шұқырларды жамауды қолға алған. Мұндай жағдайда себу үшін осы технология рұқсат етілген», — деді ведомство өкілдері. Сонымен қатар, бөлім басшыларының айтуынша, бұл жұмыстар ұзақ мерзімге арналмаған, тек маусымаралық, яғни көктемге дейін, ал ол кезде негізгі жұмыстар басталады

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті