jasqazaq.kz

Қар құрсауында қалып қойған адамдар құтқарылды

04 ақпан 2019, 14:33

Қостанай облысында құтқарушылар көлігімен қарға малтыққан адамдарды шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап.

«Оқиға осы жылдың 2 ақпанында 01:25 сағатта «Қостанай — Әулиекөл» автожолының сегізінші шақырымында, Қостанай ауданы аумағында Осиновка кентінің маңында болған. ВАЗ 2110 маркалы жеңіл автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, қалың қарға кіріп кеткен. Автокөлік құралының салонында 3 адам болған. Оларға құтқарушылар көмекке келді», — дейді ведомствоның өкілдері. Құтқарушылар автокөлік аккумуляторын ажыратып, сүйрегіш тростың көмегімен автомобильді қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне алып шықты. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері автокөліктің техникалық ақаулы күйде болғандығынан, оны жақын маңдағы елді мекенге қарай сүйреп апарды. Қазіргі уақытта құтқарылған азаматтардың өміріне еш қауіп жоқ.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда