jasqazaq.kz

Қар құрсауынан 45 адам құтқарылды

29 қараша 2022, 13:51

Өткен тәулікте қалың қар құрсауынан 45 адам құтқарылды. Үскірік аяз бен ақ түтек боранға қарамастан жолға шығып кеткендер көп. Осылайша Шығыс Қазақстандағы «Омбы-Майқапшағай» тас жолында ондаған жүк көлігі тұрып қалған.

Жүргізушілердің біріне дәрігерлер көмектесті. Беларусь азаматы қолын үсіріп алған. Қостанай облысындағы Қамысты ауданында да 2 көлік қар құрсауынан шығарылды. Осы күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында 6 адам құтқарылды. Ал кеше Қарағанды облысындағы «Қызылорда-Павлодар» тас жолында құтқарушылар жеңіл көлік ішінде қалған екі адамға көмек көрсеткен. Шет ауданында орналасқан «Алматы-Екатеринбург» тас жолында автобус тұрып қалды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 19 адамды жақын маңдағы ауылға жеткізді. Маман жолаушылар мен жүргізушілерге Darmen қосымшасын жүктеп алуға кеңес береді. Онда жабылған жолдар жайлы толыққанды ақпарат жазылған. Ал төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 номеріне хабарлау керек.

24.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі