jasqazaq.kz

Қар астында қалған бала көз жұмды

03 ақпан 2020, 22:00

Шығыс Қазақстан облысында ойнап жүрген балаларды қар басып қалды. Оқыс оқиғадан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы жағдай Шемонайха қаласында болды. Балалар өзен жағасында ойнап жүрген екен. Сол кезде жарқабаққа жиналған қалың қар кенеттен көшіп, екі баланы басып қалған. Оның біреуін қасында жүрген достары қардан аршып үлгеріпті. Ал екіншісін таба алмай көмек шақырған. Оқиға орнына құтқарушылар мен тұрғындар дереу жеткенімен, бірден таба алмай, иісшіл итке іздетуге мәжбүр болады. Сөйтіп қалыңдығы төрт метрге жуық қар астында қалған бала өлі күйінде табылды.

Талғат Дүзбаев, ШҚО ТЖД бөлім бастығы:

— Баланың денесін қар астынан қазып алдық. Табылған мүрдені полиция қызметкерлеріне тапсырдық. Жағалаудағы қалың қар әлі де көшуі мүмкін. Сондықтан сақ болуды ескертеміз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия