jasqazaq.kz

Қапырық…

15 шiлде 2020, 22:00

2020 жылдың қапырық жазы… Ешқашан шілде айында бұлай қиналып көрмеппін. Бүткіл театр демалыста болса да, көңіліміз арпалыста… Бұрын демалысқа кеткенде «театр демалыста» — деп жазушы едік… Биыл жазу былай тұрсын, демалысымыз қайсы, мезгілдің қай мезгіл екенінде анықтауға шама болмай кетті. Бірақ мынандай Ел басына күн туған кезде қарап жатуды жөн көрмедік. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының шығармашылық құрамы мен ұжымдағы адамдар атсалысып біраз ақша жинадық. Бүгін соны Ұлттық ғылыми зерттеу медицина орталығы, қазіргі Ковид орталығы болып отырған Абай Қабатаевич Байгенжин бастаған медициналық орталыққа апарып берді. Оған театрымыздың актрисалары Ләйлә Бекназар мен Бота Мақсұтова барды. Бұйырса олардың хаты да қағаздары да келеді. Әзірге қуантатын жағдай Біз қарлығаштың қанатымен су сепкендей қолымыздан келгенімізді сол мекемедегі ақ халатты абзал жандарға, ауырып жатқандарға қол ұшымызды созуға берейік дедік. Сырқаттанып жатқан адамдарға шипа берсін, қолұшын берген азаматтарға дендеріңіз сау болсын деп тілек айтамын.

 

Құрметпен Талғат Теменов

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия