jasqazaq.kz

Қапшағайда жалған полицей ұсталды

01 қыркүйек 2021, 16:35

Қапшағайда жалған полицей ұсталды. Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеймін деп өзгенің 737 мың теңге ақшасын иемденіп алған, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қаласының полициясына 21 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Ол өзін полицеймін деп таныстырған ер адамның сеніміне кіріп, ақша алғанын жеткізген. Бірақ қаражатты қайтармағандықтан, ол полицияға арызданған.

Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 190 бабы 1 бөлігі яғни, «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылар оның не себепті өзін полицеймін деп таныстырып, қандай мақсатпен ақша алғанын, сонымен қатар өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент ұсталған адамның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, 737 мың теңге ақшасын иемденіп алғаны анықталды. Жәбірленуші дер кезінде полицияға шағымданғандықтан күдікті дер кезінде ұсталды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия